Жаңалықтар

Сауд Арабиясынан Қазақстанға келетін туристердің легі бірнеше есеге көбеюі мүмкін

Сауд Арабиясынан Қазақстанға келетін туристердің легі бірнеше есеге көбеюі мүмкін

Бір күн бұрын Қазақстан Республикасының астанасына Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфик бен Фаузан әл-Рабиа келді. Екі жақ келесі жылдан бастап Алматы мен Ақтаудан Мединаға тұрақты әуе рейсі ашылатыны туралы келісім жасады, деп хабарлайды Taulik.kz. 

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың Қажылық және умра министрімен кезекті кездесуі туризмді дамыту мәселесіне қатысты болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сауд Арабиясы азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим бар екені туралы да тілге тиек етті.

«Қазір біз Сауд Арабиясынан келген туристердің біздің елімізге деген үлкен қызығушылықтарын көріп отырмыз. Біз туризм саласын одан әрі дамыту жобаларын бірлесіп әзірлеуге дайынбыз. Атап айтқанда, Қазақстанға өткен жылмен салыстырғанда Сауд Арабиясынан келетін туристер ағыны екі есеге артты», - деді Дәурен Абаев.

Taulik.kz