Ресейліктерге Грузия шекарасынан жаяу өтуге рұқсат берілді
Ресейліктерге Грузия шекарасынан жаяу өтуге рұқсат берілді
Ресей азаматтарына Грузияның Ларс кедендік бақылау бекетінен жаяу өтуге рұқсат берілді. Негізгі басымдылық әйелдер мен балаларға беріледі. Бұл туралы Baza Telegram арнасы хабарлады.
Шешім Ресей президенті Владимир Путиннің 21 қыркүйекте «ішінара мобилизация» жүргізу жөніндегі жарлығынан кейін қашқан ресейліктердің көптігіне байланысты қабылданды. Ресми түрде Ларс өткізу пункті жаяу жүргіншілерге арналмаған. Алайда, кептелісте күту уақытын қысқарту үшін осындай шешім қабылданған. Айта кетейік, соңғы 1 аптада Грузия-Ресей шекарасынан 115 мың адам өткен.
Taulik.kz