Түркияда полиция бөлімшесіне террорлық шабуыл жасалды
Түркияда полиция бөлімшесіне террорлық шабуыл жасалды
Мерсиннің Мезитли ауданында Тече полиция бөлімшесінде теракт болды. Жарылыс салдарынан 1 полицей қаза тапты, тағы 5 адам жараланды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Кеше түнгі сағат 22:45 шамасында Түркияның Мерсин қаласындағы Мезитли ауданындағы полиция бөлімшесіне 2 әйел террорлық шабуыл жасаған. Жарылыс салдарынан 1 полиция қызметкері қаза тапқан, тағы 5 адам жараланған. Шабуыл жасаған 2 террористің көзі жойылды. Тергеу барысында террористердің бірінің жеке басы анықталды. Ол Зозан Толан деп аталатын Дилшах Эркан екені белгілі болды.
Taulik.kz