Жаңалықтар

Атырауда лецензиясынан айырылған АИГИ университетінің студенттері не істейді?

Атырауда лецензиясынан айырылған АИГИ университетінің студенттері не істейді?

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының 1640 студенті екі ЖОО-ға бөлінді. Бұл туралы Taulik.kz Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Лицензиясынан айырылған Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының 1640 студенті екі ЖОО-ға бөлінді. Енді 417 студент Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқуын жалғастырса, 1223 студент С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде жоғары білім алады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 2-тармағына сәйкес, білім беру ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда, оның құрылтайшысы білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыру бойынша шаралар қабылдайды. ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік қағидаларының 31-тармағына сәйкес, ЖОО білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған жағдайда, оның студенттері ағымдағы семестр бойы оқуын жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнына ауыстырылады», - деп хабарлады Атырау облысы білім басқармасы.
Сондай-ақ, басқа ЖОО-ға ауысқан кезде студенттердің бейіні мен мамандығы бұрынғы білім беру орнына сәйкес келетіні атап айтылды. Студенттердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, осы оқу жылында оқу құны бұрынғы деңгейде сақталатын болады.

Taulik.kz