АҚШ мобилизациядан қашып келген ресейліктерді қабылдайды
АҚШ мобилизациядан қашып келген ресейліктерді қабылдайды
АҚШ мобилизация кесірінен елінен мәжбүрлі түрде қашқан ресейліктердің өтініштерін жеке қарастырмақ, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер брифинг барысында хабарлады.
«Осылайша, қудалаудан пана іздеген кез — келген адам, ұлтына қарамастан, Америка Құрама Штаттарында баспана алуға өтініш бере алады және оның өтініші әр жағдайда қарастырылады», — деп қосты ол.