Жаңалықтар

41 жастағы әйелдің 44 баласы бар

41 жастағы әйелдің 44 баласы бар

Бір әйел ең көп қанша  cәбиді дүниеге әкеле алады? Он әлде жиырма бес...Бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймыз. Бірақ Угандада тұратын Мәриям есімді әйел өмірге  44 бала алып келген. Өзінің жасы бар болғаны 41-де. Мәриям өзіңізді  таныстырып өтсеңіз Анам мені туғаннан кейін үш күн өткен соң тастап кеткен. Кейін әкем басқа әйелге үйленді. Бір күні әкем жұмысқа кеткен кезде өгей шешем біздің тамағымызға  ұсақталған әйнектерді араластырып берді. Содан кейін менің бауырларымның бәрі өліп қалды. Мен аман қалдым. Он екі жасқа келген кезімде әкем мені бір адамға сатты. Барлық балаңыздың әкесі сол адам ба? Иә, сол адам. Ең алғаш он үш жасымда босандым, өмірге үшем келді. Екі қыз бір бала. Кейін тағы егіз босандым, сосын өмірге төртем келді. Бәрін қосақанда төрт рет  егіз, бес рет  үшем, бес рет төртем  өмірге алып келдім. Тек ең соңғы жүктілігімде дүниеге бір бала келді. Бірақ алты балам қазір өмірде жоқ. Алты балаңызға не болды? Екі балам туысқан әпкемнің үйіне кеткен болатын. Бір күн бұрын телефонмен сөйлескенде балаларым тірі болатын. Ертесіне әпкем хабарласып: «Балаларың өліп қалды», - деді... Әпкем болғаннан кейін ештеңе демедім, үстінен арыз жазбадым. Қалғандары ауырып қайтыс болды. Жолдасыңыз туралы айтып беріңізші Жолдасым менен әлдеқайда үлкен болатын. Арамызда махаббат деген нәрсе болмады. Ол мені көп ұратын. Жолдасымның бес әйелі бар, мен сол бесіншісімін. Көп ұратын шыдай алмай үйден қашатынмын...Бірақ әкем үнемі қайтып әкеліп тастайтын. Кейін жолдасым тұрып жатқан үйімізді сатып, ақшасын алып қашып кетті. Біз далада қалдық. Ол кезде мен отыз жеті жаста едім әрі соңғы балама жүкті едім. Әкемнің шешесінің үйін паналадық. Бәрін тастап қашып кеткіңіз келген кездер болған шығар? Ондай сәттер көп болды. Бірақ балаларымнан күш аламын. Алты балам өмірден өткенде қатты жыладым. Олардың орнына мен өлгенде ғой дедім. Өмірдегі ең үлкен өкінішіңіз қандай? Анамның басқа адам болмағанына өкінемін. Анам мені тастамағанда өмірім басқаша болар ма еді, кім білсін?! Анаңызды кейін тауып таныстыңыз ба? Бір жыл бұрын анаммен таныстым, ол мені қабылдамады. Анам мені шынымен де жақсы көрмейді екен. Балаларымның барына шүкір деймін. Үлкенім жиырма бес жаста, кішкентайым бес жаста. Үкіметтен көмек аласыздар ма? Жоқ. Өз күнімізді өзіміз көреміз. Балаларымды асырау үшін көп жерде жұмыс істедім. Қазір түрлі емдік шөптерден дәрі жасап сатамын. Өзім мұсылман болсам да арақ-шарап сатқан кездерім де болды. Негізі өзім мұсылманмын, балаларымның жартысы мұсылман жартысы християн. Олар өздері қалады мен де қарсы шықпадым. Арманыңыз бар ма? Әрине бар. Мен өмірімде оқымадым. Балаларым оқыса деймін...Заңгер, мұғалім, дәрігер болса деймін. Мәселен үлкен ұлым бизнеспен айналысқысы келеді, оның арманы орындалуы үшін мен қолымнан келгенше көмектесемін. Бір қызым медбике болды. Бірақ ол маған көмектеспейді. Бір ауруханаға жұмысқа тұрды да үйден біржолата кетіп қалды. Бір орысқа тұрмысқа шығып сонымен Ресейге кетіп қалғанын естідім. Бір балам көлік жөндеумен айналысады, бір балам болса шаштаразда жұмыс істейді. Екі балам университетте оқитын еді, бірақ оқу ақысын төлей алмадық содан олар оқудан шығып қалды. Алла қаласа ақшамыз болса оқуларын жалғастырады. Уақытты кері қайтарсақ өміріңізде нені өзгертетін едіңіз? Ерте тұрмысқа шықпайтын едім. Өзім сүйген адамға  тұрмысқа шығатын едім. Оқитын едім, бірақ осы балаларымды қайта өмірге алып келуге қарсы болмайтын едім. Балаларым менің бақытым, барым. P.S Кейбір зерттеулерге сүйенсек Угандада кәмілетке толмаған 5 миллионға жуық қыз баласы тұрмысқа шыққан.  Әке-шешелері оларды көбінесе ешкі мен сиырға айырбастайды екен.                                                                                                                                                     Taulik.kz