Тоқаевтан басқа үміткерлердің қазақ тілін білу деңгейі тексеріледі
Тоқаевтан басқа үміткерлердің қазақ тілін білу деңгейі тексеріледі
Лингвистикалық комиссия президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін белгілеуге тиіс. Сол себепті олардың қазақ тілін білу деңгейлері тексеріледі, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Ол үшін кандидат:
▪️ лингвистикалық комиссия ұсынған тақырыпқа көлемі екі беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазады;
▪️ көлемі үш беттен аспайтын мәтінді оқиды;
▪️ лингвистикалық комиссия белгілеген тақырыпта кемінде он бес минут сөз сөйлейді.
«Мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі кандидатурасы өкілеттіктің келесі мерзіміне қайта ұсынылған қазіргі президентке қолданылмайды», – деді ОСК.
Taulik.kz