Жаңалықтар

Ресейліктерден бас тартып, кетіңіздер десек, біздің қазақылығымыз қайда қалады - МИНИСТР

Ресейліктерден бас тартып, кетіңіздер десек, біздің қазақылығымыз қайда қалады - МИНИСТР

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин келген ресейлік азаматтарға көмек қолын созу керек екенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz. 
Осыдан 80 жыл бұрын аталарымыз соғыста бір сапта тұрды. Отанымызды қорғадық. Бір-бірімізге дос халықпыз. Қазір олардан бас тартып, кетіңіздер десек, біздің қазақылығымыз қайда қалады? Намыс пен арымыз бар. Бұл – моральдық мәселе, - деді министр Сенаттың кулуарында.
Олар келіп, транзитпен кетіп жатыр. Бірақ әрине шекарадағы аудандарға салмақ түсуде. Сондықтан оларға түсіндіріп айту керек. Бізде тек Орал, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл емес, басқа қалалар да бар. Олар баратын жерлер көп, - деді Серік Жұманғарин.

Taulik.kz