Жаңалықтар

Ресейге Украинаның төрт облысын қосу туралы құжаттарға қол қойылмақ

Ресейге Украинаның төрт облысын қосу туралы құжаттарға қол қойылмақ

30 қыркүйек күні Кремльде «Ресейдің жаңа территорияларын қосу» туралы шарттарға қол қойылады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Ресей әскері басып алған Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстары референдум қорытындысы бойынша Ресей құрамына өтетін болды. Украина мен батыс елдері оны жалған референдум деп бағалады және аннексияны ешқашан мойындамайтындарын айтты. Ал мемлекеттік Думаның депутаттары 30 қыркүйек күнгі сағат 15:00-де Кремльге Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін іс-шараға шақырылды. Бұл туралы РИА Новости депутат Денис Парфёновке сілтеме жасап хабарлады. Песковтың айтуынша, Путин аннексия туралы құжаттарға қол қоймас бұрын депутаттар алдында сөз сөйлейді.

Taulik.kz