Жаңалықтар

Ресей депутаты Қазақстанға ескерту жасады

Ресей депутаты Қазақстанға ескерту жасады

Мемлекеттік Думадағы партия фракциясының жетекшісі Сергей Миронов Қазақстанда орыс этностарына қысым көрсетіліп жатқанын айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.
«Оңтүстіктегі көршімізбен жақсы қарым-қатынастың Ресей үшін қаншалықты маңызды екенін айтпасқа болмайды. Дәл сол себепті Қазақстандағы русофобияның кез келген көрінісі біздің қоғамда өткір реакция туғызады. Бізге қарсы үгіт-насихат жасағандардың жағдайы қалай аяқталғанын бәріміз білеміз. Қазақстанда Z және V белгілеріне тыйым салынды. Бұл енді бейтараптық емес», – деді ол.

Taulik.kz