Ресейліктерге ЖСН беру мемлекетке төнген қауіп пе? - заңгер жауабы
Ресейліктерге ЖСН беру мемлекетке төнген қауіп пе? - заңгер жауабы
-Жалдамалы пәтер бағасының өсуі әлі де тоқтар емес. Заңсыз әрекет екенін біле тұра, аңқау студенттерді пайдаланған үй иелері қалай жазаланады?
-Иә, өкінішке қарай меркантильді ойдың иегінде кеткен азаматтар біздің елден де табылуда. Бұл біздің кейбір ұлт өкілдерінің дүниеқоңыздығы мен намыссыздығын көрсетеді. Әрине бұл өте нашар көрсеткіш. Мен мұны бүгіндегі қоғамда орын алып отырған басқарушы биліктің әрекетсіздігінен және сол биліктің саяси-экономикалық дағдарысты қолдан жасаудан пайда болған «сырқаттың синдромы» деп санаймын. Құпия емес, бүгінде адамдардың басым бөлігі несиелік борыштың құрбандары. Табыс көзі мардымсыз. Азық-түлік пен тұтынушы заттардың құны шарықтап тұр және үздіксіз өсуде. Ал адамдарға несиелік борыштан құтылу қажет. Дегенмен нақты ұлтжанды адамдарға бұл қоғамдық проблема азуға негіз болмауы тиіс деп санаймын.Ал алданған студенттерге келетін болсақ олар белгілі бір пәтерді жалға алған кезде пәтер иесімен белгілі бір мерзімге тоқтасқан. Осы шартты бұзған тараптың әрекеті яғни біздің жағдайымызда үй иесінің әрекеті заңсыз болып табылады. Себебі оның да басында жауапкершілік қарастырылған. Ал келісім шартты бұзу үшін сол мүдделі тарап кемінде бір ай бұрын хабарлап, келісімнің бұзылатынын хабарлауы керек.
Егер пәтер иесі пәтерді дереу босат деген талап қоятын болса оны орындамай қойюға жалдаушының құқығы бар. Ондай жағдайда пәтер иесі сотқа жалдаушыны барлық отбасы мүшелерімен мәжбүрлеп шығару туралы талап арызбен жүгіне алады.
Ондай талап арыз қанағаттандырылуы мүмкін егер шарттың мәні бұзылған жағдайда. Алайда шарттың мәні бұзылмаса керісінше сот шешімі жалдаушының мүддесіне шешілуі де мүмкін.
Өкінішке қарай, аңқау студентті алдаған пәтер иесін жауапкершілікке тарту көп жағдайда мүмкін емес, егер ол мемлекеттік кіріс басқармасында өзін пәтерлерді жалға берумен айналысатын кәсіпкер ретінде тіркесе. Тіркелмеген жағдайда жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ондай жағдайда пәтер иесіне сот қаулысымен әкімшілік айыппұл тағайындалады.
-Шетелдіктер ҚР азаматтығын алу үшін алдағы уақытта ел азаматшаларымен отау құруы белең алуы мүмкін бе? Бізде бұған арналған қатаң шара бар ма? Тексеріле ме?
-Бүгінгі таңда біздің мемлекетте ұлтты рухани бағытта тәрбиелеу жұмыстары қолға алынғанымен оның нәтижесі көңіл көншітерлік деңгейде емес. Бұл жариялы жағдай. Оның көрінісін өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып, отбасын құрып жатқан қыздарымыздың қылығынан көріп жүрміз. Әрине, бұл жол берілмеуге тиіс келеңсіз жағдаяттар. Мен бұл проблеманы ұлт тағдырына балта шабу, тұқымды тоздыру деп түсінемін. Өкінішке қарай біздің мемлекетте бұл «дәстүрді» тоқтататын, шектейтін заң қарастырылмаған. Онымен қатар жастардың, әсіресе бойжеткендеріміздің бұл шешімдері тексерілмейді. Ал егер ондай тексеруді жүргізсеңіз сіздің өзіңізді заңмен қудалануыңыз мүмкін. Себебі ол басқа адамның жеке өміріне қол сұғу деп бағаланады. Бүгінгі таңда бұл мәселе тек ата-ананың шектеуімен тоқтатылуы мүмкін. Әрине бұл жерде қоғамның да рөлі мол және көптеген әлеуметтік желілерде қоғам белсенділері мен ұлт жанашырлары бұл мәселені көптеп көтеруде. Алайда бұл проблеманы заң шығармай белгілі бір жүйеге келтіру тіпті де мүмкін емес. Осының нәтижесінде әрине өзге елден келген келімсектер ҚР азаматтығын алу үшін біздің қара көз қыздарымыздың басын айналдырып, неке құрып алулары әбден мүмкін. Себебі ондай некелер ҚР азаматтығын алудың ең оңай жолы болып табылады.Сонымен қатар, мен өзім бүгінде ресей мемлекетінен келіп жатқан босқындары үш деңгейге бөлемін.
Бұларды қашқындар деп атауымның басты себебі олардың мемлекетіне сырттан ешқандай да қауіп төніп тұрған жоқ. Сол себепті қазақ даласына кеңес үкіметі келген кезде шекара асып кеткен қандастарымызбен бұларды мүлдем салыстыруға болмайды. Ол кезде біздің қандастарымыз отбасы мүшелерін, ұлт мәдениеті мен дәстүрін, тілін, тарихи тұрмысы мен болмысын сақтап қалу үшін жер ауып кетуге мәжбүр болған.
Енді жоғарыда аталғандардың үшеуін де біздің елге өткізу кәдімгідей қауіп тудырады.
Себебі алғашқы екеуі өз елінде заңсыздықтың алдын алып, өз құқықтарын пайдалана отырып, диктатурамен күресудің орнына жан сауғалап қашқан опасыздар. Бұл ертең біздің елдің басына күн туса тағы да жылы жаққа ұшқан құстар құсап, өздеріне жылы жер іздеп кете беретін отансыздар. Олардың бойында ұлттық патриотизм, туған ел мен туған жерге деген сүйіспеншілік сезім жоқ. Бұндай ұлт өкілдері тек өздерінің қара бастарының қамы үшін ғана өмір сүреді және ертең дядя Володиясы немесе сол тұқымдас біреу бас көтерсе біздің емес керісінше солардың сойылын соғып шыға келетін болады.
Ал үшіншісін анықтау біздің ҰҚК қызметкерлерінің үлесіндегі іс. Бұл жерде қателесуге мүлдем болмайды деп санаймын. Міне осы аталғандардың негізінде өзге ұлт өкілдерін соның ішінде әсіресе орыстарды Қазақстанның аумағына лек-легімен енгізу аса қауіпті.
-Сұхбаттасқаныңызға рақмет!Інжу ӨМІРЗАҚ,
Taulik.kz