Жаңалықтар

Қазақтар орыс тілінде мінсіз сөйлейді, мұнда бәрі тамаша - Ресейлік азамат

Қазақтар орыс тілінде мінсіз сөйлейді, мұнда бәрі тамаша - Ресейлік азамат

Мобилизациядан қашып келген ресейліктер еліміздің әр қаласына орналасып жатыр. Қазақстандағы жағдайлары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz E1.ru басылымына сілтеме жасап. Михаил есімді Ресей азаматы Қазақстанға келіп орналасқандағы орын алған жайттармен бөлісті.  -“Қазақтар өте тамаша, жүрегі ақ, ашық жандар. -Ұлтшылдық елдің солтүстігінде тұратын орыстар арасында өркендеп тұр. -Екі күннің ішінде ешқандай санкциясыз visa картасын алдым. -Айлықтары дәл Екатеринбург қаласындағыдай. -Тауарлардың бағалары төмен. -Теледидардағы жандарға айтқым келетіні Қазақстанда ешкім орыс тілін мазақ етпейді. -Мұнда Пушкин, Горький көшелері бар, орыс театрлары бар. -Солтүстік Қазақстанды қосып алудың қажеті жоқ, мұнда бәрі жақсы. -Қазақтар орыс тілінде мінсіз, акцентсіз сөйлейді. Қазақстан сен ғажапсың, рақмет", - деді ресейлік азамат.

Taulik.kz