Жамбылда ҰҚШҰ оқу-жаттығуының ашылу салтанаты өтті
Жамбылда ҰҚШҰ оқу-жаттығуының ашылу салтанаты өтті
Қазақстан аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының «Өзара іс-қимыл», «Іздеу» және «Эшелон» оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Бұл туралы Taulik.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқу-жаттығулардың ашылу салтанатына ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Тахир Хайруллоев, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров, ұйымға мүше елдер қарулы күштерінің өкілдері қатысты.
ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов оқу-жаттығуларға қатысушыларды құттықтай отырып, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі және қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілерінің кәсіби шеберлігін арттырудағы ұйымның маңызын атап өтті.
«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер – стратегиялық әріптестер мен одақтастар, ал алдағы оқу-жаттығулар әскери қызметшілердің жауынгерлік шеберлігін және ұжымдық күштер бөлімшелерінің үйлесімділігін жетілдіру құралы ретінде ғана емес, онымен қоса тиімді халықаралық әскери ынтымақтастықты, тәжірибе алмасу бағытындағы іс-қимылды жетілдіру үлгісі», - деді генерал-лейтенант Марат Құсайынов.
Taulik.kz