Жаңалықтар

Ақмолада мас ер адам анасын ұрып өлтірді

Ақмолада мас ер адам анасын ұрып өлтірді

2 қазанда полицияға егде жастағы әжейдің қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалушы марқұмның ұлы ретінде өзін таныстырып, болған жайтты былайша баяндады: 92 жастағы зейнеткер құлап, алған ауыр жарақатынан көз жұмды. Аталған мекенжайға жедел-тергеу тобы барды. Криминалист оқиға болған жерді тексеріп, тергеушілер мен жедел уәкілдер қайғылы оқиғаның жалғыз куәгері – зейнеткердің 62 жастағы ұлын сөзге тартты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Айқын басылымына сілтеме жасап.
«Алдын ала тергеу барысында полиция жарақаттар құлаудан емес, басына тиген соққылардан болғанын анықтады. Полиция қылмысқа зейнеткердің ұлының қатысы бар екенін анықтады, ол анасының басынан кірпішпен ұрған», – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Taulik.kz