Илон Маск Украинадағы «қақтығысты» тоқтату туралы жоспарын айтты

3 қазан, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Илон Маск Украинадағы «қақтығысты» тоқтату туралы жоспарын айтты Илон Маск Украинадағы қақтығысты реттеу туралы жоспарын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Жоспар келесідей: – Қырымды Ресейдің бір бөлігі ретінде сақтау; – Қырымды сумен қамтамасыз ету кепілдіктері; – Украинаның бейтарап мәртебесі; – Ресей құрамына енген аймақтарда БҰҰ қолдауымен жаңа референдум өткізу. Сонымен қатар Маск оқырманнан жобаға қатысты көзқарастарын айтуды сұрады. Сауалнамаға қатысушылардың 58,7%-ы кәсіпкермен келіссе, 41,3%-ы қарсылық білдірді.

Taulik.kz