Трамп өзіне 2 жыл бұрын жала жапқандарды сотқа бермек
Трамп өзіне 2 жыл бұрын жала жапқандарды сотқа бермек
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп жақын арада 2020 жылғы президенттік сайлауда және одан кейін оған жала жапқаны үшін бірнеше БАҚ-ты сотқа беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің truth social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Алдағы айларда біз жалған жаңалық таратқан компанияларды жала жапқаны, қатыгездік танытқаны үшін сотқа береміз», – деп жазды Трамп.Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президентінің өкілдері CNN-ді жала жапқаны үшін сотқа берген болатын.
Taulik.kz