Жаңалықтар

Украина әскері маңызды жеңіске жетті

Украина әскері маңызды жеңіске жетті

Украина әскері елдің оңтүстігі мен шығысында қарымта шабуылды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Халық үніне сілтеме жасап. Соңғы деректерге сәйкес, Херсон облысының солтүстігінде екі елдімекен азат етілді. Соңғы тәулікте Украина күштері ресейлік 8 пилотсыз аппарат пен бір тікұшақты атып түсірген. Президент Зеленскийдің мәлімдеуінше, армияның жетістігі тек Донецк облысындағы Лиманды қайтарумен ғана шектелмейді. Бұл қалада Украина туы желбіреп тұр. Ресейдің Қорғаныс министрлігі болса, әскер Украина армиясының қоршауына түсіп қалмау үшін Лиман қаласынан кеткенін растады. Ал НАТО Киевке қару-жарақ беруді, саяси және экономикалық көмек көрсетуді жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Taulik.kz