Оралда 10-сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды
Оралда 10-сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды
Орал қаласында сабаққа келген 10-сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 4 қазан күні таңмен Зачаган кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектебінде болды.
«2007 жылғы ұл бала сағат 07.45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08.00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде ол отыран жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылғанымен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады», – делінген ведомство хабарламасында.БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растап, жедел жәрдемнің сағат 08.09-да шақырылғанын жеткізді.
Taulik.kz