Сары нөмірлі көліктер заңдастырыла ма?
Сары нөмірлі көліктер заңдастырыла ма?
Пайдалану құқығы шектеулі сары қазақстандық нөмір алған, Армениядан әкелінген көліктер заңдастыруға жатады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліетінше, сары нөмірлі көлік иелері бастапқы тіркеу ақысын төлесе ақ нөмірді ала алады. Бұл шамамен 200-250 мың теңге.
Бүгінде меморгандар Салық және Экология кодексіне түзетулер енгізіп жатыр. Оның ішінде, бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңге мөлшерінде алым ставкаларын бекіту және автомобильдерді жария ету кезінде кәдеге жарату үшін алымның күшін жою бөлігі бойынша түзетулер бар. Сондай-ақ оларды жария етудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын Үкімет қаулысы әзірленеді.
Taulik.kz