Жаңалықтар

Түркия президентінің Бекболат Тілеуханды жеке қабылдағаны рас па?

Түркия президентінің Бекболат Тілеуханды жеке қабылдағаны рас па?

Желіде Бекболат Тілеуханның Түркия президенті Режеп Ердоғанның қабылдауында болғандығы жайында ақпарат тарап кетті. Бұл туралы Тоқтар Жақаш Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Бекболат Тілеуханның Тайып Ердоғанмен кездескен суретін «бұрынғы сурет» деп жатқандар үшін тағы бір суретін салайын, ал! Бұрынғы сурет емес. Дәл кеше түскен суреті. Ыстамбұлдағы «Көшпенділер ойыны» шарасынан кейін Бекболат Тілеуханды Түркия президенті жеке қабылдапты. Не әңгіме болғанын әзір білмеймін. Бірақ бірге отырып қонақасы ішкен. Пысы: Суретті фотографтың өзі жіберді маған», – деп жазды ол.

Taulik.kz