Болат Назарбаев қомақты сома әкелетін «көтерме базарынан» айырылды

5 қазан, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Болат Назарбаев қомақты сома әкелетін «көтерме базарынан» айырылды Болат Назарбаев «көтерме базарынан» айырылды. Алматыдағы Барыс базарын жекешелендіру жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды Taulik.kz.  Қаржы министрлігінің мәліметінше, «Найза-БН» ЖШС құрылтайшыларының бірі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев. Сот 3 қазанда базар басшысына қатысты прокуратураның талап арызын қанағаттандырып, «Найза-БН» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату-сатып алу шартын жарамсыз деп таныды.

Taulik.kz