Ресейдің Астанадағы Украина елшісін елден шығарыңдар деген талабы қабылданбады
Ресейдің Астанадағы Украина елшісін елден шығарыңдар деген талабы қабылданбады
Қазақстан билігі бұған дейін «ресейліктерді өлтіру» туралы айтқан Астанадағы Украина елшісін елден шығару туралы Ресейдің талабын қабылдамады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандық тарап ресейлік тарапты «тең стратегиялық әріптестер» арасындағы қарым-қатынаста орынсыз реңк танытты деп айыптады.
Қыркүйек айының басында ресейлік ақпарат агенттігі аты аталмаған дереккөзге сілтеме жасап, Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийдің елден кеткенін мәлімдеген болатын.
Дипломаттың «жергілікті биліктің өтініші бойынша» кеткені айтылған, ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Врублевскийдің демалыста екенін мәлімдеді.
Кейін жұмысқа қайта оралған.
Taulik.kz