Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды
Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды
Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды, - деп хабарлайды Taulik.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, құқықбұзушылар Алматы әуежайында анықталған. Олар - 69 және 71 жастағы Ресей азаматтары. Ерлі-зайыптыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.
"Алматы қаласы әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаулысымен құқықбұзушыларға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салынып, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару түрінде жауапқа тартылды", - деді Көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары полковник Мадияр Айтуғанов.
Taulik.kz