Жаңалықтар

Президент Павлодар облысын дамытудың негізгі жолдарын атады

Президент Павлодар облысын дамытудың негізгі жолдарын атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды taulik.kz. Президент Павлодар облысын дамытудың негізгі ерекшеліктері ретінде бес жолды атап өтті: БІРІНШІ. Индустриялық-инновациялық әлеуетті нығайту. ЕКІНШІ. Экологиялық мәселелерді шешу. ҮШІНШІ. Сумен қамтамасыз ету мәселесі. ТӨРТІНШІ. Өңірдің инфрақұрылымын дамыту. БЕСІНШІ. Креативті индустрия мен туризмді дамыту.
«Павлодар – трамвай жүретін сирек қаланың бірі. Алматыда травмай жүрді, ешкімге кедергі келтірмеді, бірақ оны қаладан алып тастау туралы шешім қабылдады. Ауқымды жұмыс жүргізілді, рельстер жойылды, енді Алматы трамвайсыз қалды.  Трамвай қаланың символы болғанын атап өту керек. Меніңше, Павлодарда трамвайды сақтап қалу қажет. Егер қажет болса, жолдарды жаңғыртып, жаңа, дыбыссыз, трамвайлар сатып алу керек шығар. Бірақ травмай - өзінше тартымды көлік түрі. Еуропаның көптеген дамыған қалаларында трамвайлар кедергісіз жүреді. Бұл - көптеген жергілікті тұрғындар ұнататын экологиялық және ыңғайлы көлік. Трамвай жүйесін дамытуды жалғастырып,  құрамдарды жаңартуды жеделдету керек», - деді Мемлекет басшысы.