Orda.kz редакциясына белгісіз біреулер шошқаның басын жіберген
Orda.kz редакциясына белгісіз біреулер шошқаның басын жіберген
Бүгін, 5 қазан күні кешкі уақытта Orda.kz редакциясына қорап келеді. Оны жіберген белгісіз адам курьердің қызметін пайдаланған. Қорапта шошқаның басы және оның бетінде «Орданың» бас редакторы Гүлнар Бажкенованың жыртылған суреті болды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Басылымның жазуынша, олар мұндай арандатушылыққа бірінші рет тап болып тұрған жоқ.
Сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бұл оқиға туралы пост жариялады.
«Orda.kz редакциясының қызметіне кедергі келтіретін жағдайды министрлік бақылауда ұстап отыр. Әріптестерге жасалған бұндай әрекетті айыптаймыз. Сонымен қатар Orda.kz редакциясына құқықтық тұрғыдан қолдау көрсетуге әзірміз», – деп жазды министр.
Taulik.kz