Кремль жоспардан 2,5 есе көп еркекті мобилизациялауды тапсырды
Кремль жоспардан 2,5 есе көп еркекті мобилизациялауды тапсырды
«Верстка» басылымы Ресей билігі соғысқа резервтің 1%-ын емес, белгілі бір аймақтың наразылық әлеуетіне байланысты 3-4%-ын мобилизациялауды тапсырғанын хабарлады, деп жазады Taulik.kz сайты.
Сұхбат берушілердің пікірінше, дайындық төмен деңгейде болғандықтан, мобилизацияланғандар соғыста ұзаққа шыдамайды. Сондықтан Кремльге адами ресурстар қажет болуы мүмкін.
Әзірге мобилизация жоспарын толық орындаған аймақтар көп емес. Кремльмен байланысы бар дереккөз кейбір аймақтардың уәде етілген адамдар санын шығара алмайтынын айтып өтті. Бұл, әсіресе, солтүстік аймақтар мен Орталық округтің аудандарына қатысты.
Taulik.kz