Жаңалықтар

Балабақшада атыс болып 30-ға жуық адам қайтыс болды

Балабақшада атыс болып 30-ға жуық адам қайтыс болды

Таиландтың солтүстік-шығысындағы балалар орталығында атыстан 30-ға жуық адам қаза тапты, - деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Полиция генерал-майоры Ачай Крайтонг ер адам Нонгбуа Лампху қаласында күндіз атыс шығарғанын айтты.
Полиция мәлімдемесіне сәйкес, шабуыл жасаған бұрынғы полиция қызметкері. Ол жақында жұмыстан босатылған. Ер адам алдымен төрт қызметкерді, оның ішінде жүкті болған мұғалімді атып тастаған. Кейін ер адам өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.

Taulik.kz