Жаңалықтар

«Ақ жол» партиясы Тоқаевты кандидаттыққа ұсынды

«Ақ жол» партиясы Тоқаевты кандидаттыққа ұсынды

ҚР Президенттігіне кандидатты қолдау форумында Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» партиясының депутаты, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Қазыбек Исаның сөйлеген сөзінен:
«Әр қиындықтан сабақ алуға тиіспіз. Қасіретті басталған жылды қасиетті істерге жалғастырып,  жақсылыққа ұластырып алып кету елге, сіз бен бізге байланысты. Біз әртүрлі саяси ұйымның өкілі болсақ та, біздің бағытымыз бен мақсаттарымыз, арман-тілектеріміз бір. Өйткені, біздің қасиетті қара шаңырағымыз бір. Бізге керегі қазір ең алдымен елдің амандығы – Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтау! Осы мақсатта, біз ақжолдықтар бірауыздан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Президенттігіне лайықты кандидат деп есептеп, қолдаймыз!»

Taulik.kz