Жаңалықтар

Еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық - ТОҚАЕВ

Еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық - ТОҚАЕВ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық. Онымен күресу – баршамызға ортақ міндет. Бұл бағытта соңғы үш жылда біраз шаруа атқарылды. Мысалы, осындай қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынды. Бұдан былай олардан қайтарылған қаражат мектеп салуға жұмсалады. Жемқорлықпен күрес тиімді болу үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ құзырлы орган басшыларының жауапкершілігі артты. Бір сөзбен айтқанда, жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайды, жалғаса береді. Сонда ғана біз осы індеттен таза қоғам құрамыз. Бұл – менің стратегиялық мақсатым!»

Taulik.kz