Әлем әдебиеті бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды
Әлем әдебиеті бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды
Стокгольмдегі Швед академиясы 2022 жылғы әлем әдебиеті бойынша Нобель сыйлығының лауреаты ретінде Энни Эрноны таңдады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Француз жазушысы атаулы Нобель сыйлығын «қайсарлық пен шыншылдығы үшін, әрі әр дүниені тамырына дейін аша алатын шеберлігі үшін» иеленді.
Букмекерлер Эрноны Нобель сыйлығына үміткерлер қатарына жатқызды. Сондай-ақ олардың тізімінде Стивен Кинг, Гариэль Луц, Пьер Михон, Харуки Мураками, Энн Карсон, Людмила Улицкая және Салман Рушди болды.
Швед ғалымы әрі өнертапқыш Альфред Нобель сыйлығы әдебиет саласындағы «идеалистік бағыттағы ең көрнекті шығарма» жасаған адамға берілуі керек. Лауреатты Швед академиясының 18 мүшесі таңдайды.
Taulik.kz