Баласы мен әйелін өлтірген азамат балабақшада 37 адамға оқ жаудырды

7 қазан, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Баласы мен әйелін өлтірген азамат балабақшада 37 адамға оқ жаудырды Таиландтың солтүстік-шығысында қайғылы жағдай орын алып, 37 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты turkystan.kz-ке сілтеме жасап. Бұрын полиция қызметкері болған, кейін наркотик сақтағаны үшін істі болған азамат балабақшаға басып кіріп, оқ жаудырған. Салдарынан 37 адам қаза тапты. Оның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар мен тәрбиелеуші топ бар. Қылмыс жасаушы өзінің әйелі мен баласын да атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған. Бұл ел тарихындағы ең қанды әрі қатыгез қылмыс ретінде тіркеліп отыр.

Taulik.kz