Жаңалықтар

Таиланд балабақшасында 37 адамды өлтірген ер адам өзіне қол жұмсады

Таиланд балабақшасында 37 адамды өлтірген ер адам өзіне қол жұмсады

Таиландтың солтүстік-шығысындағы балабақшада жаппай атыс ұйымдастырған Таиланд полициясының бұрынғы қызметкері өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Интерфаксқа сілтеме жасап. Олардың айтуынша, балабақшадағы атысқа дейін ол отбасын атып өлтірген. Айта кетейік, бұған дейін Таиландтың солтүстік-шығысындағы Нонгбуалампу провинциясында жас балаларды дамыту орталығында 34 бала атыс кезінде қаза тапқан еді. Thai PBS-тің хабарлауынша, бір жыл бұрын есірткіге тәуелділігі үшін қызметтен босатылған полиция экс-сержанты мас күйде болған болуы мүмкін. Қаскүнем қылмыс орнынан көлігімен қашып кеткен, содан кейін оған іздеу жарияланды.

Taulik.kz