Атырауда теріс діни ағым өкілдерінің есірткі зертханасы табылды
Атырауда теріс діни ағым өкілдерінің есірткі зертханасы табылды
Атыраудағы көпқабатты үйлердің жертөлесінен деструктивті діни ағым өкілдерінің есірткі зертханасы табылды, деп хабарлайды Taulik.kz Халық үні сайтына сілтеме жасап.
Күдіктілер тыйым салынған өсімдіктерді жылыжайда күтіп-баптаған.
Есірткі өсірумен айналысқан 34-35 жас аралағындағы Атырау қаласының 3 тұрғынын экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Арлан» арнайы жасағы бірлесіп ұстады. Олар өсімдіктерді баптауға арнайы жарық, жылу, ауа алмастырыратын құрылғы орнатқан.
Барлығы – Атырау қаласының тұрғындары. ҚР ҚК-нің 300 және 297-бабымен тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Атырау облысының ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.Бұл ретте жылыжай ішінен 17 түп қарасора бұтасы тәркіленген. Сондай-ақ күдіктілердің үйін тінткен кезде діни әдебиеттер, есірткі пайдаланатын құралдар мен суық қарулар табылған.
Taulik.kz