Суреттер сөйлейді: Қырым көпіріндегі жарылысқа қатысты тың деректер шықты
Суреттер сөйлейді: Қырым көпіріндегі жарылысқа қатысты тың деректер шықты
Америкалық Maxar Technologies және Planet Labs компаниялары Twitter-дегі парақшаларында 8 қазан күні таңертең Қырым көпірінде болған жарылыс пен өрттің салдарын көрсететін спутниктен түсірілген фотосуреттерді жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Суреттерде көпірдегі апаттан келген залал анық көрінеді. Керчен бұғазы арқылы созылып жатқан көпірде жанып жатқан цистерналардан шыққан түтін мен қираған көпір аралығы да көрінеді.
8 қазан күні таңертең Қырым көпірінде жүк көлігі жарылған. Жарылыс пен күшті өрттің салдарынан көпір жартылай опырылған. Үш адамның қайтыс болғаны расталды.
Ресей билігінің хабарлауынша, 9 қазан күні кешке Қырым көпірінің екі автокөлік жолағы бойымен қозғалыс іске қосылып, онда жарық мәселесі реттеліп, жаңа белгілер қойылған.
«Бұған дейін көпір кері режимде жұмыс істеді. Жол бөлігіндегі жарықтандыру реттелді, жаңа белгілер қойылды, тосқауыл қоршауы қалпына келтірілді. Енді көпір арқылы көлікпен жылдам өтуге болады», – деді Ресей вице-премьері Марат Хуснуллин Telegram-арнасында.Сонымен қатар теміржол қатынасы да қайта жанданды. Симферополь-Мәскеу бағыты бойынша жолаушылары бар пойыз темір жол бойымен өтті.
Taulik.kz