Жаңалықтар

Аты аңызға айналған «Реал» қақпашысы күтпеген мәлімдеме жасады

Аты аңызға айналған «Реал» қақпашысы күтпеген мәлімдеме жасады

Испанияның «Реал Мадрид» құрамасының бұрынғы қақпашысы Икер Касильяс «каминг-аут жасады», деп хабарлайды Taulik.kz сайты turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«Маған құрметпен қарайсыздар деп үміттенемін. Мен геймін», - деп жазды ол.
Оның мәлімдемесіне аты аңызға айналған ойыншы, Барселона мен Испания құрамасының бұрынғы қорғаушысы Карлес Пуйоль жауап берді.
«Икер, біздің оқиғамызды айтатын уақыт келді», - деп жазды ол.
Испанияның бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдегендей, бұл – әзіл. БАҚ Касильяс «жұбын әр апта сайын ауыстырады» деп жиі жазады. Осылайша футболшы қауесеттерге әзілмен жауап беруге тырысты. Твиттің өзі «каминг-аутпен» жойылды. Айта кету керек, Касильяс та, Пуйоль де желі қолданушыларының тарапынан сынға ұшырады. Олар спортшыларға каминг-аут жасау қиын екенін, мұндай әзіл оларға көмектеспейтінін айтты.