«Қазақша сөйлеңдер дейін бе»: ана тілін менсінбейтін спортшылар сынға ұшырады (видео)
«Қазақша сөйлеңдер дейін бе»: ана тілін менсінбейтін спортшылар сынға ұшырады (видео)
Қазақ тілін менсінбейтін отандық спортшылар сынның астында қалды. Журналист боксшы Серік Сәпиевқа «спортшыларға қазақ тілі керек емес пе?» деген сұрақ қойды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.
Журналист Сәпиевке «Бүгін міне спорттың қаймақтары болды ғой. Олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары. Бәрінің басын қосып жатсыздар. Бірақ неге жиналыс 99 пайыз орысша өтті? Баяндамалар мемлекеттік тілде айтылмады. Мысалы, бізде де қазақ тілді аудитория бар ғой. Оларды неге ойламайсыздар? Мемлекеттік тілге неге осындай көзқарас танытасыздар? Біздің спортшыларға қазақ тілі керек емес пе сонда?» деген сұрақ қойды.
«Өзім қазақ тілі мен орыс тілін араластырып баяндама айттым. Бұл спортшыларға байланысты... Олар өз тілімен айтты. Әрине мемлекеттік тіл керек. Бірақ олар орысша айтты. Енді мен не айта аламын? Оларға қазақша сөйлеңдер деп айтайын ба? Жақсы айтамын. Болды рақмет», – деді Сәпиев.https://www.youtube.com/watch?v=eT34PgT51P0&list=TLGGhFEhKxhLP5YxMDEwMjAyMg
Taulik.kz