Ұйқыдағы адамдар қаза тапты: Зеленский жарылыстан кейін халқына үндеу жолдады
Ұйқыдағы адамдар қаза тапты: Зеленский жарылыстан кейін халқына үндеу жолдады
Украина президенті Владимир Зеленский украиналықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Taulik.kz.
"Кең ауқымды соғыстың 229-шы күні. 229-шы күні бізді құртып, жер бетінен өшірмекші. Запорожьеде үйде ұйықтап жатқан адамдарды жойды. Днепр мен Киевте жұмысқа бара жатқан адамдарды өлтіреді. Бүкіл Украинада әуе дабылы басылмай тұр. Зымырандардың соққысы әлі де өршіп тұр. Өкінішке орай, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Өтініп сұраймын, баспаналарыңызды қалдырмаңыздар. Өздеріңізді, туыстарыңызды қорғаңыздар", - деп жазды Зеленский Telegram-да.Киев мэрі Виталий Кличко зымырандардың нақты қай жерлерге түскенін анықтап айтты.
"Әуе шабуылы, яғни қауіп жалғасып жатыр. Киев тұрғындарына баспанада болыңдар деп үндеу жасағым келеді. Қала маңындағы елді мекендердің тұрғындарынан қалаға шықпауларын сұраймын. Киевтің орталық көшелерін жауып тастады. Тәртіп сақшылары, құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр", - деп жазды Кличко.
Taulik.kz