Петропавл орыстың жері, біздің президент Путин - СҚО тұрғындары
Петропавл орыстың жері, біздің президент Путин - СҚО тұрғындары
Путинді “президентім” деген СҚО тұрғындарының ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазТаг сайтына сілтеме жасап.
"Бұл ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК-не жіберілді", - делінген облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратта.Бұған дейін әлеуметтік желілерде Петропавлда тұратын 18-ге толмаған екі қыздың видеосы тараған. Олар Петропавлды ежелден орыстың жері екенін айтады. Сондай-ақ қыздардан сайлауда кімге дауыс беретіні сұрағанда, олар Тоқаев үшін емес Путин үшін дауыс беретіндерін жеткізген.
Сондай-ақ, қыздардың бейнежазбада айтқан сөзінше, олардың достары – қазақстандықтар Ресей жағында Украинаға қарсы соғысып жатыр.
Taulik.kz