Жаңалықтар

Бангкоктағы мейрамханада 45 жыл бойы пісірілген рагу сатылады

Бангкоктағы мейрамханада 45 жыл бойы пісірілген рагу сатылады

Мейрамхананың басты тамағы – кеспемен, сиыр еті мен дәмдеуіштер қосылған сорпа. Ондаған жылдар бойы мейрамхана бизнесін Коенантавон атты тай отбасысы жүргізіп келеді. Аспаздар «мәңгілік рагу» деген тамақ дайындаудың ескі әдісін қолданады. Қағида жеңіл: тамақ қаншалықты көп қайнаса, сорпасы соншалықты дәмді болады. Wattana panich жұмысшылары шектен шығып кетті, десе де сәтсіздікке ұшырамады. Шындығына келгенде, аспаздар мезгіл-мезгіл әйгілі сорпаның кейбір компоненттерін жаңартып отырады. Әр кеш сайын қызметкерлер рагудың қалғанын тоңазытқышқа салып, таңертең оларды тамақтың негізі ретінде пайдаланады. Күн сайын жұмысшылар чанға шамамен 25 килограмм сиыр етін қосады, оның дәмі қырық жыл бұрынғы сорпаның хош иісімен араласады. Десе де бұл сорпаның үлкен тарихы бар. Коенантавон отбасысы ешқашан сорпаны қайнататын үлкен ыдысты жумаған.

Taulik.kz