Жаңалықтар

Украина Дмитрий Медведевке іздеу жариялады

Украина Дмитрий Медведевке іздеу жариялады

Ресейлік БАҚ Украина қауіпсіздік қызметі Ресейдің экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевке іздеу жариялағанын мәлімдеді. Бұл туралы ақпарат республика Ішкі істер министрлігінің деректер базасында да жарияланды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, Медведевті Украина ҚК-нің 110-бабының 2-бөлігі бойынша «Украинаның аумақтық тұтастығына қол сұғылмаушылықты билік өкілі жасаған» деген айыптауға байланысты Украинаның құқық қорғау органдары іздеп жатыр. Осы бап бойынша ең жоғарғы жаза - он жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Taulik.kz