Дүкендердің бағаны рубльмен есептеуі заңға қайшы - ЖАМАУБАЕВ
Дүкендердің бағаны рубльмен есептеуі заңға қайшы - ЖАМАУБАЕВ
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кейбір дүкендердегі бағаны рубльмен есептеу туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Теңге және өзге валютаны қосып көрсетуге болмайды. Теңге ғана көрсетілуі тиіс. Ұлттық валютаны реттеу Ұлттық банктің құзыретіне жатады. Алайда біз барлығымыз патриот болуымыз керек. Заңға бағынуымыз керек. Заңда көрсетілгендей, ұлттық валюта теңге болып есептеледі. Егер ондай деректер тіркелсе, заңсыздықты жоямыз. Оның ішіне дүкен қызметкерлері де кіреді», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Taulik.kz