Жаңалықтар

Біртановты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Біртановты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы соттан бұрынғы министр Елжан Біртановты кінәлі деп танып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сондай-ақ, прокурор Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтен бір жарым миллиард теңге өндіріп алуды сұрады, - деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 
"Біртановты ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануды және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды ұсынамын. Біртановқа қатысты үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасы қамауда ұстауға ауыстырылсын. Жазаны өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін. Біртановты қамауда ұстау уақыты 2020 жылғы 30 қазаннан 2020 жылғы 6 қарашаға дейін, сондай-ақ үкім шығарылған күннен бастап ол заңды күшіне енгенге дейін жазаны өтеген 1,5 күн үшін қамауда ұстаудың 1 күні есебінен жаза мерзіміне есептелсін. Біртановты үй қамауында ұстау уақыты 2020 жылғы 7 қарашадан бастап үкім шығарылған күнге дейін жазаны өтеген бір күн үшін үй қамауының 2 күні есебінен жаза мерзімінде есепке алынсын", - деді прокурор Бауыржан Шекенов сотта.

Taulik.kz