Жаңалықтар

Павлодарда WhatsАpp-пен мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасына айыппұл салынды

Павлодарда WhatsАpp-пен мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасына айыппұл салынды

Павлодарда WhatsАpp-пен мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасына айыппұл салынды. Мұндай әрекет үшін кәмелетке толмағанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше күн бұрын полицияға жүгінген Павлодар мектебінің мұғалімі өзінің оқушысына шағымданған.
«Мұғалім оқушысының WhatsАpp мессенджерінде оған балағат сөздер жазғанын айтты. Материал Павлодар облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», - деді Павлодар қаласы полиция басқармасы орталық ПБ ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Әсия Әлкеева.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық үшін ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық мөлшерде айыппұл салуға әкеліп соғады.