Жаңалықтар

Елтаңба бейнеленген жәшік дәретханада тұр: мектеп директорына сөгіс жарияланды

Елтаңба бейнеленген жәшік дәретханада тұр: мектеп директорына сөгіс жарияланды

Түркістан облысындағы орта мектептердің бірінде Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген жәшікті дәретханаға қойған. Мектептің Төле би ауданында орналасқаны белгілі болды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Халық үніне сілтеме жасап. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының хабарлауынша, мектептің директорына «сөгіс» түрінде тәртіптік шара қолданылды.
«Төле би ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі мектеп әжетханасындағы мемлекеттік елтаңба белгісі бар сайлау жәшігіне қатысты зерделеу жұмыстарын жүргізді. Кемшілікке жол бергені үшін жалпы орта білім беретін мектебінің директорына «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды», - деді облыстық басқарма.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 372-бабына сәйкес мемлекеттік рәміздерді қорлау әрекеті үшін 2000 АЕК (6 126 000) дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Немесе түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қарастырылған.