Жаңалықтар

Путиннің Астанаға келу себебі айтылды

Путиннің Астанаға келу себебі айтылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Астанада Владимир Путинмен кездесіп, Мәскеу мен Батыс арасындағы Украинаға қатысты келіссөздерде бітістіруші болуды ұсынбақ. Бұл туралы Түркия басшысының ресми өкілі Ибрагим Калын мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Президент Ердоған Путинмен перспективаны, атысты тоқтатуға қолжеткізуге болатын қадамдарды талқылайды (Украинада)», - деді Калын.
Екіжақты кездесу 13 қазанда Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) саммитінде өтуі тиіс. Бұған дейін Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Түркия президентімен келіссөз болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған еді.