Ақордада Түркия президенті Ердоғанды күтіп алу салтанаты өтті
Ақордада Түркия президенті Ердоғанды күтіп алу салтанаты өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.
Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.
Әнұранды тыңдап болғаннан кейін Режеп Тайип Ердоған мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.
Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.
Түркия Президенті құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.
Taulik.kz