Жаңалықтар

Қазақстанның үш өңірінде нанның бағасы 400 теңгеден асады

Қазақстанның үш өңірінде нанның бағасы 400 теңгеден асады

Үш өңірде нанның бағасы 400 теңгеден асады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Халық үніне сілтеме жасап. Министр қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін іс атқарылып жатқанын айтты. Сонымен қатар бағаның күрт көтерілуіне негіз жоқ деп отыр. Тұрақтандыру қорына биыл миллион тонна астық жинау жоспарланған. Оның 900 мың тоннасы – бидай. Статистика бюросының мәліметінше, қаңтарда 275 теңгеге сатылған жоғары сортты бидай ұнынан пісірілген нан өткен айда 341 теңгеге дейін қымбаттаған. Әсіресе Көкшетеу, Қарағанды мен Шымкентте құны 400 теңгеден асады.