Жаңалықтар

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейге қатысты шешім шығарды

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейге қатысты шешім шығарды

БҰҰ Бас Ассамблеясы сәрсенбіде ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарындағы референдумдар мен Украинадағы жағдай бойынша Ресейге қарсы қарар қабылдады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтем жасап. Қарарды қолдап 143 ел дауыс берді, қарсы – бес, дауыс беруден қалыс қалғандар – 35. Сонымен қатар Украинадағы қақтығысты келіссөздер арқылы шешуге шақырады. Ресей, Беларусь, КХДР, Никарагуа, Сирия қарсы дауыс берcе, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Африка дауыс беруден бас тартты, ал Бразилия қарарға дауыс берді. Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан да нейтралды көзқарас білдірді. Латвия, Литва, Эстония, Украина сияқты елдер қарарды қолдады. Қарар қабылдануы үшін оны дауыс беруге қатысушылардың кемінде үштен екісі қолдауы керек еді.