Жаңалықтар

Алматыда танымал заңгерді пышақтап кетті

Алматыда танымал заңгерді пышақтап кетті

Алматының Алмалы ауданында танымал заңгерді пышақтап кетті. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  Ресми мәліметке сәйкес, 8 қазан күні сағат 23.00 шамасында 1980 жылы туған А. есімді әйел көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ол 12 қазанға қараған түні қайтыс болды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, заңгер Айман Асанова заңгерлік қаржы компаниясының бас директоры болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр.

Taulik.kz