Жаңалықтар

Моргенштерн Алматыда мас күйінде концерт берген (ВИДЕО)

Моргенштерн Алматыда мас күйінде концерт берген (ВИДЕО)

Танымал ресейлік рэпер Алишер Моргенштерн жанкүйерлерін сахнадағы мінез-құлқымен таң қалдырды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Жақында Алматыда Моргенштерн халықаралық концерттік туры аясында өнер көрсетті. Концерттің өтіп кеткеніне қарамастан, халық сол кеште болған оқиғаны әлі талқылап жатыр. Видеода көрсетілгендей, ол сахнаға мас күйінде стақан ұстап шыққан. Рэп айтып жатқан кезде Моргенштерн балағат сөздер айтып, гитараны сындырып, жерге жатып, сахнада домалап, ең соңында жалаңаш денесімен әйнекті сындырды. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.